Жамбыл облысында биыл егістік алқап 770,7 мың гектарға жетеді

Жамбыл облысында биыл егістік алқап 770,7 мың гектарға жетеді
Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары «ҚазАгроҚаржы», «Аграрлық несие корпорациясы» секілді қаржы институтары асыраушы саланы дамытуға бағытталған бағдарламаларды қолға алғанын да жеткізді. Спикерлердің қатарында болған ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітеков өңірде биыл 10 мыңнан астам алқапқа қант қызылшасын егу жоспарланып отырғандығын жеткізді.
Сондай-ақ ол облыс аумағында қант қызылшасының алқабын ұлғайту жұмыстары қолға алынғанын атап өтті. Оның айтуынша, Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов және Шу аудандарындағы 10 мыңнан астам алқапқа тәтті түбір егу жоспарлануда. Бұдан бөлек, брифинг барысында«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының өңірдегі филиалының директоры Жанар Шаймерденқызы шаруалар «Стандартты лизинг», «Экспресс-лизинг» және «Мастер-лизинг» бағдарламалары арқылы субсидияның игілігін көріп ортырғандығын айтса, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалының директоры Бауыржан Тәжібаев өткен жылы 13 миллиардтан астам несие берілгенін тілге тиек етті.