- Advertisement -

Тараздың тәтті халуасы-ай

91

- Advertisement -

Тамақ өндірісі аймақта жақсы дамып келеді. Соның ішінде «Тараз Халвасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысы да көңіл толарлықтай. Жақында біз өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен аталмыш зауыт жұмысымен жақынырақ танысқан болатынбыз.

Зауыт директоры Нұрлан Ақановтың айтуынша, өндіріс ошағының жұмыс істеп келе жатқанына 24 жыл болыпты. Зауыттың тәуліктік қуаттылығы – 2,2 тоннаны құрайды. Онда халуа өнімінің 15 түрі шығарылуда.

– Зауыттың жылдық қуаттылығы – 600 тонна. 1998 жылдан бері тоқтаусыз жұмыс істеп келеміз. Қазіргі таңда 46 адамды тұрақты жұ мысп ен қамт ып отырмыз. Өндіріске негізінен пісте дәнін пайдаланамыз. Пістені Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарынан аламыз. Халуа қорабы Алматы қаласынан жеткізіледі. Тазалау цехынан бастап, халуа қорапқа оралғанға дейін үлкен жұмыс процесінен өтеді, – дейді зауыт директоры.

Зауыт өнімі республика көлемінде таратылады. Одан кейін Ресей мен Қырғыз Республикасы нарығына өткеріледі. Ай сайын зауытта 50-60 тонна өнім шығарылады.

Өндіріс ошағы Ресей және Қытай мемлекеттерінен алынған құрал- жабдықтармен жабдықталып, толықтай автоматтандырылған. Қоймадан тазаланып шыққан пісте арнайы цехта қабығынан ажыратылып, дәні ары қарай өңдеу цехына жіберіледі. Оған қосылатын қант – жергілікті өнім. Өзге қоспаларын еліміздің түкпір- түкпірінен тапсырыспен алып отырады. Үлкен жұмыс процесінен өткеннен кейін қоймалжыңға айналдырылған өнімге ондаған қоспа қосылып, құю цехына дайын өнім күйінде келіп, арнайы құтыларға құйылып, кептіріледі. Осыдан кейін қағаз қорапқа оралып, қоймаға, одан әрі нарыққа жол тартады екен.

Жұмыс жағдайымен танысу барысында мұндағы жұмысшылардың орташа жалақысы – 120-150 мың теңге екенін білдік. Алғаш ашылған кезде мұнда алты адам ғана жұмыс істепті. Тәуліктік қуаты небәрі 300 килограмм болған. Бүгінгі таңда жұмысшы саны 46-ға, тәуліктік қуаты – 2,2 тоннаға жеткен. Зауыт директоры алдағы уақытта өндіріс көлемін екі есеге ұлғайтуды көздеп отырғанын айтты.

Зауыт технологы Азамат Сейілхановты да сөзге тартқан едік.

– Қазір зауытта төрт цех жұмыс істейді. Олар дайындау, сұрыптау, кептіру және халуа пісіру цехтары. Жұмысшылар тапсырысқа қарай екі ауысымда жұмыс істейді. Негізінен тапсырыс шілде айынан басқа уақытта көбейеді. Ерекшелігіміз, зауыт Кеңес дәуіріндегі халуаның сапасы мен дәмін жоғалтпай келеді, – дейді ол.

Мұнда келетін мамандарды зауыт қызметкерлері тәжірибе үстінде тәрбиелейді. Өндіріс ошағына колледждерден тәжірибеден өтуге жастар келгенімен, қайта айналып соқпайды екен. Маман тапшылығы мұнда да сезілуде. Жалпы бес жылда осында тәжірибеден өтуге келген студенттердің ішінен екі-ақ студент жұмысқа орналасқан. Соның бірі – Талант Қоңыратбаев. «Осында жұмыс істеп жатқаныма бір жарым жыл болды. Осы жұмысты өзім қалап келдім. Қатардағы жұмысшыдан бастап, осы уақытта цех бригадиріне дейін көтерілдім», дейді ол.

 

 Марат ҚҰЛИБАЕВ

Тараз қаласы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support