Таразда ине жұтып қойған 3 жасар бала аман қалды
Таразда ине жұтып қойған 3 жасар бала аман қалды
Таразда дәрігерлер бірнеше тігін инесін жұтып қойған үш жасар баланың өмірін сақтап қалды.
Анасы киім сырғытпасы мен тігін инесін жұтып қойды деген шағыммен Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасының қабылдау бөлмесіне жүгінген. Кішкентай науқасты бас дәрігердің орынбасарлары Сейдахмет Чинибеков пен Мәулім Кенжалы емдеді. Ішке рентгенография түсіру кезінде сырғытпадан бөлек басқа, асқазанда екі тігін инесі табылды. Эзофагогастродуоденоскопия процедурасынан кейін ине асқазаннан алынып тастады.