Таяқтау – оңай, тәрбиелеу – қиын
Таяқтау – оңай, тәрбиелеу – қиын
Жалпы білім беретін мектептер баланың деңгейіне қарай жеңіл бағдарламамен білім беруге арнайы жоспар құра отырып жұмыс жасайды. Тараз қаласында 2020 жылдан бері 4 мектепте инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды. Инклюзивті оқыту – оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту әр баланың мұқтаждығын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дaмытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетіcтікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы балалардың тұлғалық мүмкіндіктерін кеңейте отырып, ізгілік, төзімділік, қатарластарына көмектесу сияқты қасиеттерді дамытуға болады. Дана халқымыз «Таяқтау - оңай, тәрбиелеу – қиын» деген екен, сондықтан келешек ұрпағымызға сапалы білім, саналы тәрбие беру - біздің басты міндетіміз.
Айдана МЕЙІРҚҰЛ
психолог
Тараз қаласы