- Advertisement -

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

83

- Advertisement -

Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стреске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымдық жалақысы

 Санаты Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде
теңгеден теңгеге дейін
D-O-4 (А блогы) 263131 302255

 

«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 210 бөлме, анықтама үшін телефондар: 87262433630, 87057541299, e-mail: ai.kucherbaeva@gmail.com немесе a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz (Электрондық поштаның рұқсат етілген файлдар өлшемі: бекітілген файлдардың көлемі 20 мегабайттан аспауы керек (20 мегабайттан асқан жағдайда, бірнеше хабарлама арқылы жолдау ұсынылады). Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т.б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысының 128-тармағына сәйкес) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік көмек бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, (№ 3-2-1), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: А блок. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мен төлеу, атаулы көмек алушалар қатарынан 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету, мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу, тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу тәртібі, жергілікті бюджеттен кейбір санаттағы азаматтарға төленетін әлеуметтік көмек бойынша есептілік пен мәліметтер дайындау, ауылды жердегі әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуға берілетін көмек туралы мәлімет жинақтау. Семей ядролық полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен адамдарға өтемақылық төлемдер, жергілікті бюджеттен төленетін әлеуметтік төлемдер бойынша статистикалық есептілік пен мәліметтер дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Әлеуметтік қолдауға мұқтаж халықтың аз қамтылған бөлігінің есебін жүйелендіру, қайырымдылық, демеушілік және гуманитарлық көмек көрсету. Халықтың қорғалмаған бөлігін әлеуметтік қолдау саласындағы, аз қамтылған азаматтарды есепке алу мен есептілігі, халыққа әлеуметтік көмектің әртүрлі түрлерін көрсету мәселелері бойынша ҚР заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін жүзеге асыру бойынша жұмыстарды үйлестіру. Бөлімдегі іс-қағаздарды жүргізуді қамтамасыз ету. «Е-Халық», «Е-Собес», «Әлеуметтік көмек» автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің «Әлеуметтік қызмет порталы» жұмыстарын жүргізу. Мемлекеттік және орыс тілдегі бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнату, оларға мемлекеттік және орыс тілдерінде тиісті ақпараттарды ұсынып отыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы. Мамандығы: құқықтану немесе экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе әлеуметтік жұмыс.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», ҚР Үкіметінің «Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдерін айқындау туралы» Қаулысы «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңдарды, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының жастар саясатын іске асыру, ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, (№038-1-1), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: А блок. Өзіне қойылған сұрақтарды (мәселелерді) шешу және бөлім басшысы тапсырған қызметтік тапсырмаларды орындау; Қазақстан Республикасының жастарын қолдау жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында іс-шараларды ұйымдастыру; Жамбыл облысында мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының аясында шараларды ұйымдастыру; «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының бағыттары мен міндеттері аясында іс-шаралар ұйымдастыру; «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында бекітілген іс-шараларды ұйымдастыру; жастар арасында «Жасыл ел» жұмысын жандандыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру; өңірде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – «Серпін-2050» әлеуметтік жобасының және «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасын түсіндіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауы аясында іс-шараларды ұйымдастыру; басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында іске асырылатын жобалардың өнім берушілермен орындалуына бақылау жүргізу; жастарды азаматтыққа тәрбиелеу және әскери-патриоттық сезімін қалыптастыруға бағытталған шараларды ұйымдастыру; өмірлік қиын жағдайда жүрген, арнаулы білім беру ұйымдарынан және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан оралған, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарынан (ауруларынан) емдеуден өткен жастарға, сондай-ақ мүгедектер қатарындағы жастарға психологиялық-педагогикалық, медициналық-әлеуметтік, заң көмегін және консультация беру бойынша шараларды ұйымдастыру; жастардың кәсiпкерлiк қызметiн, жаңа бизнес идеяларын қолдау мен дамыту, жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатын іске асыру бойынша шараларды ұйымдастыру; жастар арасында волонтерлік қызметті дамыту бойынша жұмыстар жүргізу және жастардың бос уақытын ұйымдастыру; әйелдер ісі, отбасы және гендерлік мәселелер бойынша іс-шаралар ұйымдастыру; «Өңірлік жастар форумын» өткізуді қамтамасыз ету; қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық тағаттылықты нығайту жөнінде шаралар ұйымдастыру; басқарманың салааралық жоспарлары, келісілген немесе бекітілген жоспарлары, меморандумдары мен келісімшарттары аясында іс-шараларды ұйымдастыру; басқарма жанындағы үкіметтік емес жастар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңесті құру, кеңес мүшелерін бекіту, өзгерту, жұмыс жоспарын әзірлеу және кеңес отырыстарын ұйымдастыру; басқарма жанындағы директорлар кеңесін құру, кеңес мүшелерін бекіту, өзгерту, жұмыс жоспарын әзірлеуге және кеңес отырыстарын ұйымдастыру; жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту мақсатында бөлімнің міндеті аясында ұйымдастырылатын түрлі іс-шараларға жастардың, волонтерлердің, жастар ұйымдарының қатысуын қамтамасыз ету; мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарымен байланыс орнату және бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру; мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға елеулі үлес қосқан, қоғамда еңбегі еленген, шығармашыл, талантты, жетістікке жеткен, еңбек жастарын және жастар ұйымдарын анықтау, оларды көтермелеу, марапаттау бойынша ұсыныстар енгізу; жеке жұмыс жоспарын әзірлеу және ондағы нысаналы мақсатты индикаторларға қол жеткізу; өзіне жүктелген хаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және жауап жобасын әзірлеу; басқарма басшысының хаттамалық тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – педагогикалық ғылымдар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы. Мамандығы: педагогикалық

ғылымдар (жалпы) немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (жалпы) немесе бизнес, басқару және құқық (жалпы).

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясаты бағытын», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, сондай-ақ осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы заңнамалық және өзге де нормативтік- құқықтық актілерді білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық пошта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық пошта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 үй, 210-іс бөлме, анықтама телефондары: 87262 43-36-30, 87057541299, e-mail: a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz немесе a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекенжайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Жалпы конкурс қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидат (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мынадай құжаттарды тапсырады:

1) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі);

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген 075/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама);

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама).

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының

2-қосымшасы

Нысан
__________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

Мені ____________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын трансляциялауға және орналастыруға келісім беремін _____________________________________ _______ _______ _______

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

______________________________________________________________

_____________________________________________________________

______________________________________________________________

Мекенжайы: __________________________________________________

Байланыс телефоны: ___________________________________________

e-maіl: _______________________________________________________

ЖСН: ________________________________________________________

______________________________________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«____»_______________ 20__ ж.

 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан

 

 «Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ

ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

 ________________________________________тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /фамилия, имя, отчество (при наличии) ФОТО

(түрлі түсті/

цветное, 3х4)

_______________________________________лауазымы/должность, санаты/категория(болған жағдайда/при наличии)
_______________________________________(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальныйидентификационный номер)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

 

 

 1. Туған күні және жері / Дата и место рождения
2. Ұлты (қалауы бойынша) /Национальность (по желанию)
3. Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /Семейное положение, наличие детей
4. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы /Год окончания и наименование учебного заведения
5. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
6. Шетел тілдерін білуі / Владение иностранными языками
7. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии)
8. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
9. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
10. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні / Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған /приема босатылған /увольнения
_____________________Кандидаттың қолы /Подпись кандидата _______________күні / дата

Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support