- Advertisement -

Білім саласы: жұмыс пен жоспар

131

- Advertisement -

Облыстық білім басқармасы өткен жылды қорытындылап, ағымдағы жылдың жоспарын талқылады. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, басқарма басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, білім саласының қызметкерлері мен ардагерлері қатысты.

Атқарылған жұмыстар туралы негізгі баяндаманы аталған басқарма басшысы Мейірхан Өмірбек жасап, білім саласының әр бағытына жеке-жеке тоқталды. Бүгінде облысымыз бойынша «Жайлы мектеп», «Оқуға құштар мектеп» жобалары жүзеге асуда. Аймақтың білім беру саласына былтыр 241,1 миллиард теңге бөлінсе, бұл қаржы биыл 285,9 миллиард теңгені құрап отыр.

«Білектің емес, білімнің күшімен ілгерілейтін жаңа заманда бәсекеге қабілеттілік тек білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеруде бар жауапкершілік ұстаздар қауымына жүктелетіні анық. Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстанды құрудың негізінде ағартушылық құндылықтар жатқанын, талантты, білімді, отансүйгіш ұрпақ неғұрлым көп болса, әл-ауқатымыздың соғұрлым тез артатынын және бұл істе педагогтеріміздің рөлі зор екендігін айта келе, мұғалімнің әлеуметтік мәртебесін арттыру, шығармашылық жұмысына қолайлы жағдай жасау жұмыстары жалғастырылатындығын атап көрсетті. Біз де өз кезегімізде осы бағыттағы жұмыстарды күшейту үстіндеміз», деді Мейірхан Азатұлы.

Мұнан соң облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернаттың математика пәнінің мұғалімі Нұрлан Жексенбекұлы мен «Білім – инновация» халықаралық қоғамдық қорының «Онлайн білім беру» бөлімінің бас маманы Бахтиер Эрметов сөз алып, жеке тұлғаны қалыптастыру жолындағы білім мен тәрбие беру турасында сөз қозғады.

Алқа мәжілісінің соңында облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев қатысушылар тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға жауап берді.

 

Гүлжан РАХМАН

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support