Құқық

275 килограмм зергерлік бұйымдарды алып өтпек болған

275 килограмм зергерлік бұйымдарды алып өтпек болған

2023 жылғы 19 қаңтарда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының <<Қордай>> автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстанның екі азаматының ірі көлемде зергерлік бұйымдарды кіргізу әрекетінің жолын кесті. Шекарашылар тексеру барысында автокөлік салонында жалпы салмағы 275 келі зергерлік бұйымдар салынған 8 жол сөмкесі анықталды. Зергерлік бұйымдар Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің аймақтық бөлімшелеріне одан әрі тексерістер жүргізу үшін берілді.  

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі