- Advertisement -

Облыстық мәслихат депутаттарына алғыс айтамын!

43

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтады.

Осы орайда, Жамбыл облысындағы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына бірлескен жұмыстар мен жоғары белсенділіктері үшін алғысымды айтқым келеді.

Біз ортақ күш жігеріміздің арқасында 2022 жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында ойдағыдай нәтижеге қол жеткізе алдық. Бұл орайда, мәслихат депуттарының да косқан үлесі орасан.

Өткен жылы еліміз, облысымыз үшін де маңызды және тарихи оқиғаларға толы болды десек, олардың барлығында депутаттар белсенділік танытып, айрықша атсалыса білді.

Сондай-ақ, жетінші шақырылған облыстық мәслихат депутаттары инфрақұрылым, әлеуметтік нысандар салу, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына және басқа да өзекті мәселелерге қатысты түйткілді мәселелерді оңынан шешуге айтарлықтай ықпал ете білді. Қоғамдық бастамалар мен игі шаралардың да бел ортасында жүрді. Жергілікті бюджеттің дұрыс игерілуі, халықтың тұрмысына, экономикаға қатысты мағыналы шешімдер қабылдады.

Есепті кезеңде бір мақсат үшін үндесіп, елді мекендердегі халықтың талап-тілегін орындау жолында, ел игілігі үшін қызмет еткен депутаттарға ризашылығымды жеткіземін!

©️Нұржан Нұржігітов, Жамбыл облысының әкімі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support