- Advertisement -

Басты мақсат – қоршаған ортаны қорғау

364

- Advertisement -

«Baytaq» жасылдар партиясы өңірде өз жұмысын бастады. Партияның басты міндеті – экологияны қалпына келтіру, қазақстандықтарды таза ауамен қамтамасыз етіп, қауіпсіз қоршаған орта мен өзге де әлеуметтік құқықтарға жол ашу.

Облыс орталығында көптеген ірі кәсіпорындар орналасқандықтан, партияның алғашқы отырысы Тараз қаласында өтті. Облыста жыл өткен сайын түрлі жаңа өндіріс орындары ашылып, нәтижесінде сыртқа шығарылатын химиялық қалдықтардың саны артқан. Бұған қоса, автокөліктердің көбеюі де ауаның ластануына кесірін тигізуде. Ал шаһардан шығатын шайынды суларды тазарту қондырғыларымен қамтамасыз етілмеуі ең күрделі экологиялық мәселе болып тұр.

Партия жетекшісі Азаматхан Әміртайтың қатысуымен болған отырыста ұйымның облыстық филиалын құру мәселесі талқыланып, есеп комиссиясының құрамы бекітілді.

Сондай-ақ партияның облыстық және қалалық саяси кеңестерінің мүшелері мен облыстық және қалалық филиалдарының төрағалары тағайындалды. Саяси бюроның 12 мүшесі қабылданып, сайланды.

«Baytaq» жасылдар партиясының облыстық филиалының төрағасы болып Серік Қойбақов сайланды. Атқарушы хатшысы болып Ықтияр Мырзахметов тағайындалды. Жиынды ашқан партия төрағасы, белгілі эколог, Ұлттық Құрылтай мүшесі Азаматхан Әміртай жаңа ұйымның басты құндылығы адам екенін атап өтті. «Жасылдар партиясын құру – барша Қазақстан халқының жеңісі. Қоршаған ортаны және адамдардың денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау – біздің қызметіміздің ең маңызды бағыты. Бұл біздің басты құндылықтарымыз. Сондықтан біз әр өңірдегі әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге баса назар аударатын боламыз», – деді партия төрағасы.

 

Нұржан ҚАДІРӘЛІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support