- Advertisement -

«Сергек» қосылды. Сергек бол!

98

- Advertisement -

Таразда «Сергек» жүйесі іске қосылды. Алғашында тестілік режимде жұмыс істеген жүйе үш күннен бері толық жұмыс істеуге көшкен. Енді осы айдан бастап жол ережесін бұзғандар айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Бұл жүйе жылдамдықты асырған әрі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, дұрыс бұрылмау мен «тоқта» белгісінен асып кеткендерді автоматты түрде анықтайды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде облыстық полиция департаментіне бағынысты әкімшілік полиция басқармасы бөлімінің бастығы Нұрсұлтан Алишев осылай деді.

– Облыс орталығындағы жол қауіпсіздігін 48 аппараттық-бағдарламалық кешен қамтамасыз етеді. Жалпы, қалаға тиісті жоба аясында 1250 бейнебақылау камерасы қарастырылған. «Сергек» жүйесі арқылы жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды тіркеу автоматтық режимде жүргізіледі және полиция қызметкері тексергеннен кейін құқық бұзушыға хабарлама жіберіледі. Барлық ереже бұзу жағдайлары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімінде автоматты түрде тіркеледі. Хаттамаларды ЭЦҚ көмегімен erap-public.kgp.kz және egov.kz сайттарынан, сондай-ақ Каспий банкінің мобильдік қосымшасындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінде жүктеуге болады, – деді Нұрсұлтан Қонысбекұлы.

Айта кетейік, ереже бұзушылардан түскен айыппұл қазынаға құйылады. Сонымен қатар аталған жүйе қоғамдық тәртіпті сақтамаған тұрғындарды да назардан тыс қалдырмайды. Осылайша облыс орталығындағы жол-көлік оқиғалары азайып, қаланың қылмысқа бейім бөлігінде тәртіп орнатылады деп күтілуде. Өйткені бұған дейін жүйе сәтті іске қосылған Астана, Алматы және Шымкент қалаларында алғашқы жылдың өзінде-ақ жол бойында қаза тапқандардың саны едәуір азайған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support