- Advertisement -

Ауылды дамытудың айрықша жобасы

181

- Advertisement -

Облысымызда Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрліктерінің өкілдері және басқа да аймақтардың түрлі дәрежедегі әкімдері жұмыс сапарымен болып, Жамбыл өңірінде атқарылып жатқан тың жобалардың барысымен танысты.

Жауапты министрлік өкілдері Жамбыл ауданының орталығы Аса ауылындағы М.Төлебаев атындағы өнер мектебінде халықпен кездесіп семинар-кеңес өткізді. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ұлттық экономика министрліктің дайындаған «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы»-ның жобасы таныстырылып, талқыланды. 

Аталған жиынды облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров ашып жүргізді. Ал Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков жаңа тұжырымдамада көзделген жобалардың мақсатына тоқталды.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде республикамызда ең алдымен ауылдық аймақты дамыту мәселесін көтерген болатын. Сойтіп бұл жұмыстың консепциясын дайындау ұлттық экономика министрлігіне тапсырылған еді. Оны дайындау барысында өңірлердегі «Ауыл — ел бесігі» мен басқа да атқарылып жатқан жобалар басшылыққа алынды. Сонымен қатар бұл құжатты дайындауда ауылдық аумақтарда тұратын халықтың ұсыныс-пікірі де ескерілген.

Бүгінгі таңда аталған консепцияны еліміздің бірнеше өңірлерінде ауыл және аудан халқының ортасында талқыланып, тұжырымдамаға біршама өзгерістер енгізілді.

Консепция ол ауылдық аймақты дамытудың негізгі бағыттарын айқындайтын құжат болып табылады. Онда 60-тың үстінде құжат бар. Әзір бұл тұжырымдама құжаты қабылданған жоқ, сол үшін қазір сіздерге консепцияның мәтінімен таныстыратын боламыз. Сондықтан бүгінгі кездесуімізді өздеріңізбен сұрақ-жауап түрінде өткізсек, — деп вице-министр ортаға ұсыныс тастады.

Ал аталған тұжырымдамаға енген жобалар мен бағдарламалар туралы ұлттық экономика министрліктің өңірлік даму департаменті директорының орынбасары Нұрлан Мақсұтов таныстырды. Онда болашақта атқарылатын ауқымды жобалар рет-ретімен таныстырылды. Осыдан кейін семинар-кеңеске қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ол сауалдарға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков нақты мысалдармен байланыстыра отырып жауап берді.

Ал облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жигитеков «Жамбыл облысының ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі Ауыл Аманаты» қанат қақты жобасының жүргізілу барысымен таныстырып өтті.

Осыдан кейін министрлік өкілдері Жамбыл ауданында «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында салынған М.Төлебаев атындағы балалар өнер мектебінің, аудандық дене шынықтыру және сауықтыру кешені мен аудандық техникалық шығармашылық және кәсіптік бағдар беру орталығының қазіргі жағдайымен танысып, жоба аясында атқарылған жұмысқа жоғары баға берілді.

Түстен кейін министрлік және әр өңірден келген аймақ басшылары мен олардың жауапты өкілдері Байзақ ауданындағы Қостөбе ауылдық округінде «Жамбыл облысы тұрғындарының табысын жақсарту» атты қанатқақты жобаның «Костөбе-2019» ауыл шаруашылығы кооперативінде жүзеге асырылу барысымен танысты. Мұнда атқарылып жатқан жұмыс барысы туралы салаға жауапты Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Болат Сағынбеков баян етті.

Қанатқақты жоба аясында атқарылған жұмыстар жиналғандардың қызығушылығын тудырды.
Осы жобаға қатысушы «Қалдарова М» жеке кәсіпкерлігі осыдан үш жыл бұрын 2,4 миллион теңгеге бес бас жылқы алса, бүгінде қожалық оның басын 18 басқа жеткізген. Ал кооператив ішінде жұмыс істеп жатқан «Шамуратов Ш» жеке кәсіпкершілігі шұжық өнімдерін өндірумен айналысуда. Кәсіпкер Шовкат Шаймұратовтың айтуынша, цехта тәулігіне 400 килограмм шұжық дайындалады. Бұл кәсіпті ашу үшін кәсіпкер «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы» акционерлік қоғамынан 10 миллион теңге алған. Қазіргі таңда екі адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Өнімі облыс көлемінде таратылуда. Байзақ ауданындағы қанатқақты жоба семинар қатысушыларының қызығушылығын тудырып, жергілікті кәсіпкерлермен өзара тәжірибе алмасты.

Семинар қатысушысы, Алматы облысы Кеген ауданы әкімінің орынбасары Мұхтар Батырханұлы қанатқақты жобаның өз ауданында төрт ауылдық округке енгізіліп жатқанын айтты. «Бүгін біз Жамбыл облысында өткен семинар-кеңеске қатысқанымызға өкінбейміз. Біз бүгін көзімізбен Жамбыл облысында атқарылып жатқан жұмыстарды көріп, қызығып отырмыз. Елге барған соң Жамбыл облысының тәжірибесін басшылыққа алып жұмыс істейтін боламыз» — деп ой бөліскен болатын.

Жамбыл және Байзақ аудандары.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support