- Advertisement -

Ешқандай қарызым жоқ, алайда коллекторлар мазалай береді. Өз құқығымды қорғау үшін қайда жүгіне аламын?

83

- Advertisement -

Бірінші кезекте несие тарихын тексеру керек. Оны қалай тексеруге болатыны жоғарыда айтылды.
Егер коллекторлық агенттік тарапынан құқыққа қарсы әрекеттер жүзеге асырылған жағдайда, коллекторлық агенттіктің банк заңнамасын және заң талаптарын сақтауын тексеру тұрғысынан Агенттікке жазбаша өтінішпен жүгінуге болады.

Бұл ретте өтінішке кез келген қосымша мәліметтерді, аудио және бейнежазбаларды қоса беруге болады. Егер тексеру нәтижесінде бұзушылық расталса, коллекторлық ұйымға тиісті шаралар қолданылмақ.

Коллекторлар:

– өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратуға не осы тұлғалардың мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін мәліметтерді жария етуге;

– өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын, олардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, сондай-ақ осы тұлғаға мүліктік және өзге де зиян келтіруге алып келетін, құқыққа қайшы әрекеттер жасауға;

– борышкерге және (немесе) оның өкіліне, үшінші тұлғаларға күш қолдану не олардың мүлкін жою немесе бүлдіру қатері, қорлау, алаяқтық, жалған құжаттар жасау, бопсалау арқылы борышкерді банктік қарыз шарты немесе шағын несие беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мәжбүрлейтін қысым көрсетуге;

– өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаны берешектің мөлшеріне, сипатына және туындау негіздеріне қатысты жаңылыстыруға;

– берешекті өтеу есебінен ақшаны (қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда), сондай-ақ өзге де мүлікті қабылдауға;

– берешекті ақшадан басқа, өзге мүлікпен өтеуді талап етуге;

– Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредитордан және (немесе) оның өкілінен, үшінші тұлғалардан алынған коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны жария етуге тыйым салынады.

 

Дайындаған Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support