- Advertisement -

Несиемді уақтылы төлей алмай, несие тарихым бұзылды. Оны қалай түзете аламын?

52

- Advertisement -

Несие тарихын толықтай түзеу мүмкін емес. Себебі несиені уақтылы төлемесеңіз, бұл ақпараттардың барлығы несие тарихыңызда жазылып тұрады. Оны өшіре алмайсыз. Бірақ оны жақсартуға болады.

Несиелік рейтинг деген бар. Ол сіздің қанша несиені уақтылы жапқаныңызға байланысты өзгеріп тұрады. Сондықтан несие тарихын кезең-кезеңімен жақсартуға кірісіңіз.

Біріншіден, проблемалық несиені жабыңыз. Егер несиені бірден жабуға мүмкіндік болмаса, банкке барып, несие беру шартын өзгертуді сұраңыз. Мысалы, айлық ақшасын азайтып, уақытын созу немесе керісінше, айлық ақшасын көбейтіп, уақытын азайту. Алайда қарыздан құтылғаннан кейін де несие тарихыңыз бірден өзгере қоймайды. Ол үшін біраз уақыт өтуі керек.

Екінші жолы – шағын несие алу. Аз сомаға несие рәсімдеп, оны ай сайын уақытынан бұрын немесе уақтылы төлеп отырып, жабыңыз. Осылайша, бірнеше рет шағын несие алып, уақтылы жауып, кейін сомасы көптеу несие рәсімдеп көріңіз. Бірақ мұндай жағдайда оны ай сайын төлей алатыныңызға сенімді болуыңыз керек.

Сондай-ақ бұл салада «Оңалтылды» деген мәртебе бар. Несиенің төленбегеніне 90 күннен асып, кейіннен жабылса, «Оңалтылды» деген мәртебе беріледі. Несие тарихында осындай жазбасы бар қарыз алушыларға банк өзінің несиелік саясаты негізінде оның қабілетіне қарай, несие беру немесе бермеу туралы шешім қабылдайды.

Қорытындылай келсек, әр адам несие алуға жауапкершілікпен қарау керек. Қазір ойланбастан шағын несиелер алып, оны төлей алмай, несие тарихын нашарлатып алса, кейін ол ипотекамен үй немесе автокөлік алуға кедергі болады.

 

Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support