Ел қоржынына Универсиаданың екінші «алтыны» түсті

14

Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіру жарысында жеңіске жетті. Бірінші талпыныста ол 127,2 ұпаймен бірінші орын алса, соңғы айналымда екінші (130,1) болып мәреге жетті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Telegram-арнасы.

Басқа отандық спортшылардың нәтижесі мынадай: Сергей Ткаченко – жетінші (220,9), Никита Девяткин – тоғызыншы (216,2), Святослав Назаренко – 20 (147,3), Мағжан Амангелдіұлы – 21 (144,5).

Васильевтің медалі Қазақстан үшін биылғы Универсиададағы екінші медаль болды.

Қазіргі уақытта 2 алтын медальмен қазақстандық студенттер жалпы командалық есепте алтыншы орында тұр.

Comments are closed.