Құқық

Сотталған азаматша анасымен қауышты

Сотталған азаматша анасымен қауышты

Темір торға тоғытылғандардың тезірек түзелу жолына түсуі үшін туған-туыстарының қолдауы ауадай қажет. Себебі, сүрініп кетіп, тағдыры бүлініп кеткен жандар психологиялық тұрғыда көмекке мұқтаж болары анық. Осыны ескере отырып, заңға сәйкес қысқа және ұзақмерзімді кездесулер ұйымдастыру қарастырылған-ды.

Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші 37 жастағы азаматша Қылмыстық Кодекстің 367 бабы 1 бөлімімен кінәлі деп танылып, сот шешімі бойынша бір жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған. Жуырда алматылық азаматшаның анасы ұзақмерзімді кездесуге келіп, перзентімен жүздесуге мүмкіндік алды. Жылы жүздесу барысында анасы мен қызы бір-бірінің амандығын біліп, жан сырын ақтарды. Айта кетейік, түзеу мекемелеріндегі ұзақмерзімді кездесу 2 тәулікке дейін созылады.