Әуесқой балықшылар бас қосты

Әуесқой балықшылар бас қосты
Турнирге Д.А.Қонаев атындағы Халықаралық қорының Вице Президенті Шатырхан Керімбеков, сондай-ақ атаулы қордың қамқоршылық кеңесінің мүшесі Қалдарбек Срайылов арнайы келіп қатысты. Алматылықтар Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қорының Президенті Эльдар Асқарұлы аталған қордың сый-сияпаттарын тапсырды. Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары Бақыт Бетпаев жаңадан құрылған «БАЛЫҚ FEST SHU» қоғамдық бірлестігінің мүшелеріне табыс тіледі. «JAMBYL» телеарнасының директоры Гүлбаршын Құланбаева да құттықтау сөзін жеткізіп, іс-шараға арнайы қатысты. Турнир соңында жарысқа қатысушылар мен өз үлестерін қосқан азаматтарға сыйлықтар мен медальдар, кубоктар тапсырылды. Табиғат аясында бас қосқан көпшілік өздерін қызықтырған тақырыптар аясында пікірлесіп, өңірде балық шаруашылығын дамыту, спорттық іс-шараларды жиі ұйымдастыру төңірегінде ойларымен бөлісті. Енді бұл іс-шара жаз айында ұйымдастырылатын болады.
Ерман ӘБДИЕВ
Шу ауданы.