Алғыс алғанға не жетсін?!
Алғыс алғанға не жетсін?!
Бөлімше басшысы жоғары санатты, невропатолог-дәрігер Айгүл Момынәлиева, нейрохируг дәрігер Инаятдин Меудинов, невропатолог-дәрігерлер Юлия Мун, невропатолог дәрігерлер Кәмшат Таушан, Олжас Ысқақ, логопед Әйгерім Рысқұлова, аға медбике Ләззат Дәулетбаева және басқа да медицина қызметкерлеріне деген алғысым шексіз. Облыстық көпбейінді аурухананың нейроинсульттік бөлімшесінің ашылғанына биыл күзде 10 жыл толады екен. 33 орындық денсаулық сақтау мекемесінде осы жылдар ішінде талай науқас дертінен айығып, шипа тапқан. Инсульт және нейрохирургиялық бағытта жұмыс істейтін дәрігерлер өмір сүру сапасын жақсартуда, кісі өлімінің алдын алуда және мүгедектікті азайту мақсатында тынымсыз еңбек ететінін көрдім. Сондай-ақ облыс орталығы мен аудандардан келетін неврологиялық ауруы бар науқастарды анықтауға, емдеуге және медициналық оңалтуға, инсульт орталығының дәрігерлері өлім мен мүгедектікті азайту жолында денсаулық күзетінде тұр, – дейді қария. Бөлімшеде науқастар мен олардың туыстары үшін апта сайын «Инсульт мектебінде» қан айналымы жүйесі ауруларының бастапқы және қайталама профилактикасы, өзіне-өзі қызмет көрсету мен тұрмыстық дағдыларды қалпына келтіруге, инсульттан кейін күтім мен оңалтуға арнайы сабақтар өткізілетін көрінеді. Күн сайын дәрігерлер мен орта медициналық персонал ауырған адамдармен және олардың туыстарымен науқасқа күтім жасау, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, қысыммен күресу, гипертензияға қарсы терапияға бейімділік туралы профилактикалық әңгіме өткізеді екен. Бейнематериалдарды көрсету, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттауға арналған нұсқаулықтар таратылады. Дәрігерлердің қызметі тікелей міндеті десек те, қу жанын қоярға жер таппай жан ұшырып келетін науқастарға мейлінше мейіріммен қарап, күндіз-түні тынымсыз еңбек етіп, аурудан айықтыруға атсалысатын ақ халатты абзал жандарға ризашылығын білдіріп жататын адамдар аз емес. Алғыс алғанға не жетсін?!
Амангелді ӘБІЛ