- Advertisement -

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына түзетулер енгізілді

55

- Advertisement -

Қазақстан Республикасының Президенті 2022 жылғы 19 мамырда отандық бизнес қоғамдастық өкілдерімен өткен кездесуде мынадай тапсырма берді: «Мемлекеттік аудит қорытындыларына азаматтық тәртіппен шағымданудың барлық мүмкіндіктері таусылғанға дейін қылмыстық істі бастауға мүмкіндік бермейтін тетікті енгізу қажет».

2022 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойды, ол 2023 жылғы 11 қаңтардан бастап күшіне енді.

Осы заңмен «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына:

1) мемлекеттік аудит объектісінің басшысына мүдделерін мемлекеттік аудиттің аудиторлық іс-шаралары қозғаған кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де тұлғалардың анықталған қаржылық бұзушылықтары туралы хабардар етуге міндеттеу;

2) дауларды реттеудің апелляциялық және (немесе) сот тәртібі сақтағаннан кейін қылмыстық құқықбұзушылық белгілері анықталған жағдайларда тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге құжаттарды прокуратура органдары арқылы қылмыстық қудалау органдарына беру бөлігінде түзетулер енгізілді.

Жоғарыда көрсетілген түзетулер сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанға дейін дауларды реттеу жолымен мемлекеттік аудит қорытындыларына шағымдану тетігін іске асыруға мүмкіндік береді.
Аудит нәтижелері бойынша қаржылықбұзушылықтары туралы объектінің кәсіпкерлік субъектілерін хабардар ету міндеттілігі жаңалықтардың бірі болып табылады.

Егер кәсіпкерлік субъектілері бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды орындауға келіспеген жағдайда, оларға мемлекеттік аудит нәтижелеріне ҚР Қаржы министрлігі жанындағы апелляциялық комиссияға және (немесе) сот тәртібімен шағымдану құқығы беріледі.

Жаңа тетік бойынша қылмыстық құқықбұзушылық белгілерімен бірге мемлекеттік аудит материалдары прокуратура органдары арқылы қылмыстық қудалау органдарына дауларды реттеудің апелляциялық және (немесе) сот тәртібі сақталғаннан кейін ғана берілетін болады.

Ал бұдан бұрын қылмыстық қудалау үшін қаржылықбұзушылықтар анықталған кезде мемлекеттік аудиторлар материалдарды құқық органдарына тікелей беруді жүзеге асыратын.

Осы жаңалықтар адал кәсіпкерлерге бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға қылмыстық қудалау органдарымен тәуекелсіз негізсіз қылмыстық істер қозғамауға ықпал етеді.

 

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support