- Advertisement -

154 жазасын өтеуші жұмыспен қамтылған

113

- Advertisement -

Бүгінде таңда жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту — күнтәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі. Сол себепті, ҚАЖ мекемелеріндегі сотты болғандардың «екі қолына бір күрек» тауып беру қарқынды жүргізілуде.

Мәселен, өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі сотталғандардың 75 пайызы еңбекпен қамтылған. Нақтылай түссек, мұндағы 204 адамның 154-і жұмыс істеуге қабілетті.

Жабық мекемедегі жазасын өтеуші азаматтар түрлі жеке кәсіпкерліктер мен өндіріс орындарындағы ақылы жұмыстарға орналастырылған. Айталық, «Компания Самұрық» ЖШС-да – 49, «Вилла-стройда» — 29, «Запчасть» АҚ-да – 13 және «Ержан» жеке кәсіпкерлігінде – 18, «ОРЦ Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде – 4 сотталған азамат қызмет етеді.

Атап өтерлігі, жазасын өтеушілердің басым бөлігі халыққа күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдарды өндірумен айналысады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support