- Advertisement -

Діни қызмет саласындағы 2023 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы

47

- Advertisement -

Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесі (көрсетілетін қызметті беруші) «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы №97 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы №530 бұйрығымен бекітілген. (ҚР Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 желтоқсанда №30910 болып тіркелді).

«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» және «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және осы Қағидаларға 2-қосымшада мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттарды қоса береді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі – 22 (жиырма екі) жұмыс күні.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны электрондық түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды алу тәсілдері: Тегін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес өтініш.

2) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы анықтама-негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі болатын діни бірлестік, құрылыстың мақсаттары, аталған әкімшілік-аумақтық бірлік (ауыл, елді мекен, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж келушілер саны (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметкерлерге үміткерлер көрсетілген);

3) ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланып отырған аумақта жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) ғибадат үйін (ғимаратын) салуға (жақын маңда ғибадат үйі (ғимараты) аумағымен шектесетін (сонымен қатар шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі ұсынылады.

 

Облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support