Алименттен жалтарып,абақтыға қамалды
Алименттен жалтарып,абақтыға қамалды
Өткен жылдың маусым айында Тараз қалалық сотының бұйрығы және соған сәйкес сот орындаушының қаулысы негізінде азаматша Ж.-ның пайдасына борышкер М. кәмелеттік жасқа толмаған балаларын асырауға барлық табысының үштен бір бөлігі мөлшерінде алимент өндіру туралы атқару өндірісі қозғалған болатын. Қазіргі таңда сот орындаушының қаулысының негізінде борышкердің қарызы 250 484 теңгені құрайды. Сонымен бірге, борышкерге сот актісін орындау туралы бірнеше рет ескертпе де берілген. Алайда борышкер сот шешімін өз еркімен орындаудан бас тартқан. Осы орайда, қала прокуратурасы тарапынан борышкер М.-ға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 524-бабымен әкімшілік іс қозғалып,облыстық мамандандырылған әкімшілік сотының биылғы 6 тамыздағы қаулысымен әкімшілік жаза ретінде 5 тәулікке қамаққа алынды. Бұл оқиға бауыр еті баласынан қашып жүрген азаматтарға сабақ болса игі.
Жазира Елеуқұлова, Тараз қаласы прокурорының көмекшісі.