Қазақ әдебиетінде ең көп роман жазған жазушы
Қазақ әдебиетінде ең көп роман жазған жазушы
Жинаққа жазушының барлық шығармасы енгендіктен, кез келген оқырман «Көшпенділер», «Алтын Орда» сынды тарихи эпопеямен қатар кеңес үкіметі кезінде жарық көрген еңбектерді қазақ және орыс тілінде оқи алады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқырмандарға арнаған үндеуінде Ілияс Есенберлиннің еңбектерін терең зерттеусіз қазақ тарихын білу мүмкін емес екенін айрықша атап өткен болатын. «Шын мәнінде, Есенберлин еңбектеріне терең бойламаған адам ұлт тарихын жетік білемін деп айта алмаса керек», деді жазушы туралы Президент. Ілияс Есенберлиннің барлық шығармасын бір кітапқа басып шығару – оқырман қауым үшін маңызды оқиға. Жазушының шығармалары елімізде ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттерде де кеңінен танылған. Бүгінге дейін Ілияс Есенберлиннің кітаптары 7 миллион тиражбен 30-дан астам тілге аударылды. Бұл біздің еліміздегі жазушылардың еңбектері арасындағы ең көп таралым.
Нұржан ҚАДІРӘЛІ.