- Advertisement -

Жамбылдан сенатор болып Сәкен Арубаев сайланды

151

- Advertisement -

Бүгін елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутат сайлауы өтті. Сенат депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдаушылар – мәслихаттардың депутаттары сайлады.

Дауыс беруге облыстағы әр түрлі деңгейдегі 204 мәслихат депутаттарының 179-ы, яғни таңдаушылардың 88 пайызы қатысты.

Жамбыл облысынан осы уақытқа дейін Шу ауданының әкімі қызметін атқарып келген Сәкен Арубаев 89 пайыз дауыспен Парламент Сенатының депутаты болып сайланды.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкеловтің хабарлауынша,Сенат депутаттығына үміткер Сәкен Арубаев 158 дауыс, Сұлтан Өсербаев 18 дауыс алды.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП

       

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support