- Advertisement -

«Біздің депутат» басылымы үздіктерді анықтады

84

- Advertisement -

Жылда қалыптасқан дәстүр бойынша
«Біздің депутат» республикалық қоғамдық-саяси газеті еліміздегі халық қалаулыларының бір жыл ішінде атқарған жұмыстарын саралай келіп, 2022 жылдың қорытындысы негізінде үздік мәслихат төрағалары мен депутаттарды анықтады.

Бүгінде еліміз бойынша 233 өңірлік мәслихат төрағасы болса, солардың алтауы «Үздік мәслихат төрағасы» аталымы бойынша үздік деп табылды. Олар – Астана қаласынан Ерлан Каналимов, Шымкенттен Бахадыр Нарымбетов, Жамбыл облысынан Махметғали Сарыбеков, Қарағанды облысынан Серік Өтешов, Павлодар қаласынан Сандуғаш Қалижанова және Атырау қаласынан Қаршыға Жауымбаев.

Жалпы, республикада мандатқа ие 3500-ге жуық азамат бар десек, олардың 3300-і жергілікті мәслихат депутаттары. Солардың 900-і облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттары. Өткен жылдың қорытындысы бойынша олардың 18-і «Үздік депутат» деп танылды.

Мәслихат депутаттары сайлаушылардың сеніміне ие болу үшін қоғамға қызмет ету жолында өздерінің үлестерін қосып келеді.

Мұндай марапаттар депутаттардың мәртебесін өсіріп, халық алдында игі жұмыстар жасауына, демеушілік пен қайырымдылық істерге белсенді атсалысуына ықпал жасайтыны сөзсіз. Олардың арасында танымал кәсіпкерлер, әртүрлі партия мүшелері, қоғамдық ұйым жетекшілері, ауыл шаруашылығының мамандары, құрылысшылар мен спорт саласының майталмандары, дәрігерлер және мұғалімдер де бар.

Жыл қорытындысымен жергілікті мәслихаттардың ұсынуы бойынша депутаттық қызметте атқарған жұмыстарының нәтижесіне қарай әр облыс, қалалардан бір топ депутат үздіктер қатарынан көрініп, жеңімпаз атанды.

Олардың арасында жамбылдық Досбол Жылқыбаев пен Зәуреш Қадырбекова бар. Сондай-ақ үздіктер қатарында шымкенттік депутат, жерлесіміз Дәриякүл Қожамжарованың да есімі аталған.

Біз газет оқырмандары атынан облыстық мәслихаттың хатшысы Махметғали Сарыбековты «Үздік мәслихат төрағасы», ал депутаттар Досбол Жылқыбаев пен Зәуреш Қадырбекованы, сондай-ақ жерлесіміз Дәриякүл Қожамжарованы еліміз бойынша «Үздік депутат» атануларымен құттықтаймыз!

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support