- Advertisement -

Аласармайтын асқар тау

115

- Advertisement -

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туған күніне орай Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың облыстық бөлімшесі алдында тұлға ескерткішіне салтанатты гүл шоқтары қойылды.

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов, облыстық мәслихаттың хатшысы Махметғали Сарыбеков және өзге де атқамінер азаматтар мен зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері қайраткердің еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.

«Тау тұлғаның өнегелі өмір жолы ешқашан ұмытылмайтын ұлағат. Дінмұхамед Қонаевтың жазғандарын оқып, өсиетін өнеге тұтқан ұрпақ ешуақытта кісінің алажібін аттамайды, қиянат жасамайды, керісінше ұлтына, Отанына, еліне адал қызмет етуге дағдыланады. Сондықтан қайраткерді ұлт ұрпағының ұстазы, халық рухының шамшырағы деп толық айта аламыз», дейді Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың облыстық бөлімшесінің кеңесшісі Жапар Тілеубеков.

Расында, көзі тірісінде «Панам да ел, данам да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім» деп, ақтық демі қалғанша Алашқа адал еңбек сіңірген атпал азаматтың есімі ұмытылмайтыны анық.

 

Нұржан ҚАДІРӘЛІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support