Жастарға жеңілдікпен несие беру кезінде бизнес-жобалардың өзектілігі негіз болады

47

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жастарды әлеуметтік қолдау шараларын әзірледі. 6 мың жас азаматқа 5 жылға 2,5%-бен 5 млн теңгеге дейін жеңілдікпен несие берілетін болады.

Ерекше қажеттіліктері бар жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтарға 1,2 млн теңге мөлшерінде 9 мың грант беріледі. Осы мақсатта 28 млрд теңге бөлінді.

ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова атап өткендей, бұл қаржы 35-ке дейінгі жастарға арналған.

Т. Дүйсенованың айтуынша, несиені әртүрлі санаттардағы 18 бен 35 жас аралығындағы жастар ала алады.

«Конкурс өткізіліп, әркім өзінің бизнес-жоспарын ұсынады. Бизнес-идеяның өзектілігі жастарға несие беруге негіз болады», — деді министр.

Т. Дүйсенованың айтуынша, бизнес-идеялардың өзектілігін өңірлер анықтауы керек, өйткені жергілікті жерлерде қандай жоба қажет екенін олар жақсы біледі.

Сондай-ақ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ерекше қажеттіліктері бар жастарға 1,2 млн теңге көлемінде грант қалатынына назар аударды, ол өтеусіз беріледі.

Comments are closed.