- Advertisement -

Үйрек пішіндес құмыра

131

- Advertisement -

Музейдегі жәдігерлердің келбеті әртүрлі сипат беріп, қызықтыра түсетіні бар. Мәселен, үйректің пішініне ұқсайтын қыш құмыра кім-кімнің де назарын аударады. Бұл жәдігер 1964 жылы Жамбыл қаласының (қазіргі Тараз) «Көк базар» аумағынан кездейсоқ табылған. Ұстайтын тұтқасы қиғаш жасалып, бүйірінен мойнына қарай бекітілген қыш ыдыстың сыртқы бөлігінде құс қанаты тәрізді саусақ іздері батырылған.

Жақсы күйдірілген. Үйрек бейнеленген ыдыс жер шары мен жердің жаралғаны туралы мифке қатысты аспан, жер мен су бірлігінің символы болып есептелген. Олардың көпшілігі дәстүрлі Наурыз мейрамын тойлауға қолданылған. Бұл құнды жәдігер VІІІ-Х ғасырдың еншісіне жатады. Жәдігер музейге келушілердің тарапынан қызығушылық туғызып, көптеген дарынды оқушылардың назарын аударып келеді.

 

Жұлдыз АЛМАНҚҰЛОВА,
облыстық тарихи-өлкетану музейі экскурсиялық және көпшілікке қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support