- Advertisement -

ІІМ шетелдік автокөліктерді заңдастыруға қажетті құжаттарды атап шықты

167

- Advertisement -

Автокөлік иесі 4 құжатты ұсынуы керек: өтініш; өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат; көлік құралының паспорты және (немесе) көлік құралын тіркеу туралы куәлік; көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха ОКҚ алаңында шетелдік автомобильдерді заңдастыру қалай жүзеге асырылатыны жайлы баяндады. Министр орынбасарының айтуынша, өтініш пен құжаттарды тапсырғаннан кейін көлік құралы арнайы ХҚКО жанындағы тексеру пунктіне нөмірлік агрегаттарды салыстыру үшін ұсынылады.

«Екі күнге дейінгі мерзімде салыстырып тексеруден өткеннен кейін біз шешім шығаруымыз керек: көлік құралы заңдастыруға жата ма, жоқ па», — деді И.Лепеха.

Көрсетілген мерзім ішінде көлік құралы Қағидаларда айқындалған өлшемшарттарға сәйкестігіне, (яғни 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін елге әкелу, іздестіруде болу, кедендік тазартудан өту, соңғы тіркелген жері бойынша есептен шығару мәніне) тексерілетін болады.Кіру күні ҰҚК Шекара қызметінің немесе Мемлекеттік кірістер органдарының дерекқорлары бойынша айқындалатын болады.

«Бүгінгі күні бұл процесс толығымен автоматтандырылған және автомобиль шекарасынан өтуді есепке алу оның кінә-коды бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар шекара қызметінде немесе Мемлекеттік кірістер органдарында көлік құралын әкелу туралы мәліметтер болмаған кезде, автокөлікті Қазақстан Республикасында нақты тұрған күні автосақтандыру полисінің алғашқы рәсімделген күні бойынша айқындалатын болады, яғни егер автомобильдің әкелінгеніне көп болса, онда алғаш рет сақтандыру ресімделген уақытқа қараймыз», — деп нақтылады спикер.

Сәтті тексеруден өткен жағдайда өтініш берушіге оның ұялы телефонына оң нәтиже және көлік құралын тіркеу үшін Арнайы ХҚКО-ға келу қажеттілігі туралы қысқа хабарлама жіберіледі. Көлік құралын тіркеуге Арнайы ХҚКО-ға қайта келген кезде иесі бастапқы тіркеу үшін 200 000 теңге, техпаспорт үшін мемлекеттік баж (4 313 теңге), сондай-ақ мемлекеттік нөмірге (9 660 теңге) алым төлейді және құжаттардың түпнұсқаларын ХҚКО қызметкеріне тапсырады.

Тіркеу бекітілгеннен кейін автомобиль иесіне тіркеу құжаты және Қазақстан Республикасының мемлекеттік нөмір белгілері беріледі.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support