Әлеумет

ІІМ шетелдік автокөліктерді заңдастыруға қажетті құжаттарды атап шықты

ІІМ шетелдік автокөліктерді заңдастыруға қажетті құжаттарды атап шықты

Автокөлік иесі 4 құжатты ұсынуы керек: өтініш; өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат; көлік құралының паспорты және (немесе) көлік құралын тіркеу туралы куәлік; көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха ОКҚ алаңында шетелдік автомобильдерді заңдастыру қалай жүзеге асырылатыны жайлы баяндады. Министр орынбасарының айтуынша, өтініш пен құжаттарды тапсырғаннан кейін көлік құралы арнайы ХҚКО жанындағы тексеру пунктіне нөмірлік агрегаттарды салыстыру үшін ұсынылады.

Көрсетілген мерзім ішінде көлік құралы Қағидаларда айқындалған өлшемшарттарға сәйкестігіне, (яғни 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін елге әкелу, іздестіруде болу, кедендік тазартудан өту, соңғы тіркелген жері бойынша есептен шығару мәніне) тексерілетін болады.Кіру күні ҰҚК Шекара қызметінің немесе Мемлекеттік кірістер органдарының дерекқорлары бойынша айқындалатын болады.

Сәтті тексеруден өткен жағдайда өтініш берушіге оның ұялы телефонына оң нәтиже және көлік құралын тіркеу үшін Арнайы ХҚКО-ға келу қажеттілігі туралы қысқа хабарлама жіберіледі. Көлік құралын тіркеуге Арнайы ХҚКО-ға қайта келген кезде иесі бастапқы тіркеу үшін 200 000 теңге, техпаспорт үшін мемлекеттік баж (4 313 теңге), сондай-ақ мемлекеттік нөмірге (9 660 теңге) алым төлейді және құжаттардың түпнұсқаларын ХҚКО қызметкеріне тапсырады. Тіркеу бекітілгеннен кейін автомобиль иесіне тіркеу құжаты және Қазақстан Республикасының мемлекеттік нөмір белгілері беріледі.