- Advertisement -

Заңдастырылатын көлік кедендік тазартудан өтіп, іздеуде болмауы керек және елге 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуі тиіс – ІІМ

45

- Advertisement -

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолданудың ережелері, шарттары мен мерзімдері туралы хабардар етті.

Көрсетілген Қағидаларда автомобильдер қандай жағдайларда 200 000 теңге мөлшерінде алым мөлшерлемесін төлей отырып және утиль алымнан босатыла отырып, жария етілуге жататын нақты өлшемшарттар белгіленген.

Министр орынбасарының айтуынша, көлік 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінуі керек, іздеуде болмауы тиіс, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылып, кедендік тазартудан өтуі қажет.

«Ережелер 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін күшінде болады және жеңіл автокөліктерге, шағын, орта автобустарға (толық салмағы 5 тоннаға дейін) және шағын жүк автокөліктеріне (толық салмағы 3,5 тоннаға дейін), оның ішінде басқару органдарының оң жақты орналасуына қолданылады», — деді спикер.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support