Облыстық мәслихат депутаттарының назарына!
Облыстық мәслихат депутаттарының назарына!
Жетінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, жиырма төртінші сессиясы 2023 жылдың 16 қаңтарында (Zoom конференциясына қосылу сілтемесі https://us06web.zoom.us/j/8370435576?pwd=QnZWNm1OSlZ0eEJLZmg4b1hZYkJQUT09 конференция идентификаторы: 837 043 5576, Коды: 454575) сағат 12.00-де келесі күн тәртібімен Zoom платформасында онлайн режимде өтеді:
- Жамбыл облыстық мәслихатының 2018 жылғы 6 сәуірдегі «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» №22-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- «Жамбыл облысы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 22 маусымдағы №18-10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын сайлау туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы №31-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы.
- Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы.
* * *
Депутаттарды тіркеу 2023 жылдың 16 қаңтар күні сағат 11.30-да басталады.
Облыстық мәслихат төрағасы М.Сарыбеков