Жаңалықтар

Тау тұлғаға құрмет

Тау тұлғаға құрмет

Бүгін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақтың ардақты перзенті Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күні.

Қазақстан тарихындағы қайталанбас тұлғаның есімі уақыт өткен сайын аңызға айналып, жұрт жадында тағылым мен өнегенің өшпес өрнегі боп қалыптасып келеді. Былтыр 110 жылдығын кең көлемде атап өткен Тараз жұрты биыл да қайраткер есімін естен шығармады. Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов бастаған аймақ зиялылары Дінмұхамед Ахметұлының ескерткішіне гүл шоғын қойып, рухына тағзым етті.