- Advertisement -

Қарағандыда 16 қабатты үйде газ жарылды, тұрғындар эвакуацияланып жатыр

104

- Advertisement -

Қарағанды қаласында 16 қабатты тұрғын үйде газ жарылды. Қазір адамдарды құтқару және эвакуациялау жүріп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті.

«Бір кіреберісі бар 16 қабатты 127 пәтерлі үйдің болжам бойынша 8-қабаттағы пәтерінде газ жарылысы болды.

Оқиға орнына жеткен кезде анықталғандай, 8-қабаттағы пәтер ашық жалынмен жанып жатыр.

Құтқарушылар пәтерлерден адамдарды құтқару және эвакуациялау жұмыстарын жүргізуде.

Үй кіреберісіне түтін қатты тараған.

Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің, шұғыл-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы орталығының күштері мен құралдары, барлығы жеке құрамның 50 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды», — делінген ұсынылған хабарламада.

Қауіпсіз жерге шығарылған тұрғындарды жылыту үшін оқиға орнына Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 3 вахталық автобусы жөнелтілді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support