Саясат

ҚР Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Жамбыл облыстық мәслихат депутаттарымен кездесті

ҚР Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Жамбыл облыстық мәслихат депутаттарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары жергілікті мәслихат депутаттарымен кездесуден басталды.

Жиынды облыстық мәслихаттың хатшысы Махметғали Сарыбеков жүргізіп отырды. Сенат төрағасы кездесудің негізгі мақсаты - алдыға қойылған ауқымды міндеттерді пысықтап, пікір алмасу екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Сенат төрағасы еліміздегі ауқымды өзгерістердің лайықты жалғасы ретінде Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы белгіленгенін еске салды. 14 қаңтарда Сенат депутаттарының сайлауы өтетінін, палата құрамының жаңаруы жоғарыда аталған жаңа мақсат-міндеттерді іске асыруға өз әсерін тигізетінін атап өтті. Бұл сайлауда өңірлерден 20 сенатор сайланады, оған 64 кандидат қатысуда. Жалпы, тіркелген 64 кандидаттың тек 4-уі ғана қазіргі Сенат депутаты.

Бұдан соң облыстық мәслихат депуттары Ерболат Саурықов, Керімқұл Бегалиев, Ерқанат Манжуов, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Эльмира Мырза-Ғали сөз алып, ой-ұсыныстарын жеткізіп, бірқатар мәселелерді көтерді. Мәулен Әшімбаев барлық ұсыныс, мәселелер ескерілетінін баса айтты.