Қытайдың оңтүстік-батысында болған жер сілкінісінен төрт адам қаза тапты
Қытайдың оңтүстік-батысында болған жер сілкінісінен төрт адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында болған жер сілкінісі салдарынан 4 адам қаза тауып, 54 адам түрлі жарақат алды.
Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.
Жер асты дүмпуі сенбі күні Тибет автономды өлкесінің Кандин Гардзе уезінде жергілікті уақытпен сағат 16:55-те тіркелген. Қытайлық сейсмологтардың деректерінше, жер сілкінісінің ошағы 18 км тереңдікте болған.
25 мың үй зардап шекті, 6 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз аудандарға көшірілді.
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен ҚХР Мемкеңестің премьері апаттың салдарын тез арада жою, зардап шеккендерге көмек көрсету, шығын көлемін азайту туралы өкім берді.