Кітап кеңістігіндегі көркем ой
Кітап кеңістігіндегі көркем ой
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы облысымыздың әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, өңіріміздің әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру, сонымен қатар жасөспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау мақсатында «Бір өңір - бір кітап» облыстық акциясының салтанатты ашылуы өтті. Акция аясында Кеңес Одағының Батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, Халық қаhарманы Бауыржан Момышұлына арналған «Дана да дара тұлға Бауыржан Момышұлы» Бауыржантану айлығы өтті. Аталмыш іс-шараға облысымыздың зиялы қауым өкілдері: жазушы, драматург, публицист Елен Әлімжан, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Сәмен Құлбарақ, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Темірбай Мұқашев, журналистика және филология кафедрасының аға оқытушысы Бақытжан Мақашев, «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының магистрі Әлімбай Найзабаев қатысып, жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы естеліктерімен бөлісіп, кітапхана қызметкерлері Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», «Москва үшін шайқас», «Соғыс қателікті кешірмейді», «Музей апа», «Куба әскерлері», «Қанмен жазылған кітап», «Арпалыс» кітаптарына библиографиялық шолу жасады.