- Advertisement -

Жекешелендіруді жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілерін бәсекелес ортаға беру барысы туралы ақпарат

75

- Advertisement -

«Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №908 қаулысына сәйкес Жамбыл облысы бойынша Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарына барлығы 33 ұйым енгізілген болатын, оның ішінде «Тараз» «ӘКК» АҚ-ның 5 ұйымы.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы» 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №933 және «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № 523 қаулысына сәйкес Жамбыл облысы бойынша 14 ұйым («Қордай су» МКК, «Жуалы-су» МКК, «Талас — таза су» МКК, «Сарысу сулары» МКК, «Байзақ су» МКК, «Аса-су» МКК, «Таза су-2014» МКК, «Жамбыл су» МКК, «Құлан- энерго жылу» КМК,«Шу-Жылу» МКК, «Жаңатас-су-жылу» МКК, «Игілік» көпсалалы кәсіпорны» МКК, «Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кәсіпорны» МКК және «Талас-Аса» МКК) алынып тасталды.

Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына барлығы 19 ұйым енгізіліп отыр, оның ішінде «Тараз» «ӘКК» АҚ-ның 5 ұйымы.

Бекітілген жол картасына сәйкес 9 ұйым сатылды, 2-еуі таратылды, 2 ұйымды тарату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2023 жылдың мамыр айында «Сарысу» газетінің редакциясы» ЖШС – 51 пайыз мемлекеттік қатысу үлесін, ал қараша айында 38,1 пайыз қатысушысы «Тараз» ӘКК» АҚ болып табылатын «Astana Food Storage» ЖШС сауда-саттыққа шығару жоспарланған.

2024 жылы 4 ұйымды сауда-саттыққа шығару жоспарлануда.

Электронды сауда-саттық өтуі туралы ақпаратпен «Мемлекеттік мүлік тізілімі» — www.gosreestr.kz веб порталы арқылы танысуға болады.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support