- Advertisement -

Бәрі кредит тарихы туралы

48

- Advertisement -

Кредиттік тарих – бұл сіздің қарыз алушының досьесі, онда сіздің барлық кредиттеріңіз және бөліп төленетін сатып алу туралы жазбалар бар. Сіз кредитті қашан және қандай сомаға ресімдедіңіз? Ақы төлеу уақтылы болды ма әлде кешіктірілді ме? Басқа банктерге кредит туралы өтініш жасадыңыз ба? Осының бәрі кредиттік тарих базасына енгізіледі.

Қарызды ресімдеу кезінде банк әлеуетті клиент туралы деректерді кредиттік бюролардан сұратады.

Кредит тарихы қанша уақыт сақталады?

«Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» ҚР Заңына сәйкес кредиттік бюро кредиттік тарих субъектісіне қатысты ақпаратты ол туралы соңғы ақпарат алынған күннен бастап 10 жыл бойы сақтауды қамтамасыз етеді. Қарыз алушылардың кредиттік тарихтарының күшін жоюға жол берілмейді.

Нашар кредиттік тарихты түзетуге бола ма?

Өзіңіздің кредиттік тарихыңызды жақсартуға болады. Мерзімі өткен қарызы бар қарыз алушылар үшін жақында мұндай мүмкіндік пайда болды. Кредиттік бюро 90 күннен аса мерзімі өткен немесе өтіп жатқан кредитке (банктік қарыз немесе микроқарыз) «қалыпқа келтірілді» деген мәртебе бере алады.

Кредиттік тарихтағы жағымсыз ақпаратты алып тастауға бола ма?

Егер кімде-кім Сізге белгілі бір ақыға кредиттік тарихыңызды «жақсартып беруге» немесе дербес кредиттік есептегі жағымсыз ақпаратты алып тастауға ұсыныс жасаса, сенбеңіз – бұлар алаяқтар!

Кредиттеріңіз болмағанның өзінде жылына бір рет кредиттік тарихыңызды тексеріңіз!

Қазақстанның әрбір азаматы жылына бір рет кредиттік бюродан (Мемлекеттік кредиттік бюро және Бірінші кредиттік бюро), ХҚКО-дан немесе электрондық үкімет сайтынан өзінің кредиттік тарихын тегін сұратып ала алады.

Кредиттік тарихыңызды қарап жүріңіз, оны бүлдіру оңай болғанмен, қалпына келтіру қиын!

 

Д.ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ,

қаржы нарығын реттеу және дамыту
агенттігінің Тараз қаласындағы өңірлік
өкілдер басқармасының бастығы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support