Білім

Жоғары білімнің қолжетімдігі үшін гранттарды 2025 жылға дейін жыл сайын 5000-ға ұлғайту көзделген - Саясат Нұрбек

Жоғары білімнің қолжетімдігі үшін гранттарды 2025 жылға дейін жыл сайын 5000-ға ұлғайту көзделген - Саясат Нұрбек

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Президенті Әкімшілігі және ҚР Парламентінің өкілдері, ЖОО ректорлары, ҒЗИ мен министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары, сондай-ақ қоғам қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Министр Саясат Нұрбек 2022 жылды қорытындылай келе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы аясында 2023 жылға арналған міндеттерді таныстырды.

Сондай-ақ, министр өз сөзінде министрліктің даму стратегиясына негіз болған жоғары білім берудің басым міндеттерін атап өтті.

Өз сөзінде Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жаңадан «Ғылым және технологиялық саясат туралы» ҚР Заңы әзірленетінін, ол ғылым саласындағы жаңа бағытқа көшуге негіз болатынын және сол арқылы ғылым мен технологияның тың моделін енгізу қамтамасыз етілетінін атап өтті. Сонымен қатар ведомство басшысы министрліктің маңызды бағыттарының бірі – тіл саясаты бойынша 2022 жылды қорытындылады. Министрдің айтуынша, ЖОО мен ТжКБ үшін қазақ тіліндегі 20 атаудағы оқулық шығарылды. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай 63 іс-шара өткізілді. Сонымен қатар, Үкімет қаулысымен «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгілері бекітілді. Алқа отырысының қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов ғылымды, жоғары білім беруді және тіл саясатын дамыту саласында бірқатар нақты тапсырмалар берді.