Жаңалықтар

Тері кестеге – 200 жыл

Тері кестеге – 200 жыл

Кезінде апа-әжелеріміз өрнектеп кесте тіккенін бәріміз білеміз. Аудандық тарихи-өлкетану музейіндегі мына бір кесте өте ерекше. Ерекшелігі сол, ол мал терісінен өңделіп, бетіне түрлі-түсті жіптермен әрлеп тігілген. Кестенің 200 жылдық тарихы бар. Мамандардың айтуына қарағанда, кестеге сиыр малының терісі қолданылған. Оның бетінде гүлдер мен жапырақ суреті бейнеленген. Ерекше туындыны 2010 жылдары аталған музей ашылғанда Жамбыл ауданының тұрғындары сыйға тартқан. Кестенің ұзындығы – 30, ені 30 сантиметрді құрайды.  

 Айдана ШОТБАСОВА,

аудандық тарихи- өлкетану музейінің қор сақтаушысы.

Байзақ ауданы.