Ескі құмыраның тарихы терең

112

Үш мыңнан аса жәдігері бар біздің аудандық тарихи-өлкетану музейі ата- бабамыз жүріп өткен талайғы тарихты жас ұрпаққа танытумен келеді. Музейдегі әрбір экспонаттың өзіндік құндылығы бар. Айталық, археология залында тұрған мына құмыра VІІ-ХІІ ғасырларға тән.

Шөлтөбе өңірінен табылған қыш құмыраның биіктігі – 31 сантиметр. Ал салмағы – 28 килограмм. Қолдан құйып жасалған көшпенді халқымыздың осынау қолөнері тұрмыста ыдыс ретінде пайдаланылғаны анық. Жазда су құйып, қыста тоңазытқыш ретінде қолданылған үлкен құмыра музейге келушілерді ерекше қызықтырады.

 

Есет ДОСАЛЫ

 

Comments are closed.