Жамбылда не жаңалық?

Меркі

Меркі

Аудан бойынша жеміс ағаштары 670 гектар жерге егілген болса, «Жасыл белес» шаруа қожалығында соның 25-30 гектары орналасқан. Қожалық элиталы көшет ағаштарын өсіріп, өзге шаруашылықтарға сатады. Биыл қожалық жетекшісі Үсен Қабылбек әр гектардан 75 тонна алма жинап алды. 12 жылдан бері алма өсірумен айналысып келе жатқан бағбандар биыл 102 мың 500 түп көшет сатты. Енді алдағы жылы 200-250 мың көшет сатуды межелеп отыр.