Жамбылда не жаңалық?

Шу

Шу

Жаңа жол ауылына көгілдір отын келді. Ауылдың жалпы ұзындығы 23,8 шақырым болатын негізгі 5 көшесіне газ құбыры тартылды. Құрамы 29 адамнан тұратын 3 бригада ауысыммен тынбай еңбек етті. Ауыл шетіне орнатылған газ таратқыш пункт арқылы ауылдағы 580 үйге көгілдір отын жеткізілетін болады. Салтанатты рәсімде Жаңа жол ауылдық округінің әкімі Жапарқұл Тәжиев, ауыл ақсақалдары Қырғызбай Шоқалақов пен Әскен Құдайбергенов ауылдастарын қуаныштарымен құттықтады.