- Advertisement -

Жамбылдықтар жеңімпаз атанды

79

- Advertisement -

«Жеті қазына» республикалық телевизиялық шоу бағдарламасының жеңімпаздары анықталды. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қолдауымен, «Хабар» Агенттігі» АҚ ұйымдастыруымен өткен жобада Жамбыл облысы командалық есепте бас жүлдеге ие болды.

Ұлттық рухани мұрамыз – ән мен күйді, терме, толғауларды, айтыс өнерін, ұлттық спортты дамыту жолындағы жастардың шеберлігін шыңдап, көпшілікке таныстыру мақсатында өткен жобада К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының және аудандардың өнерпаздары, өңіріміздің спортшылары бақ сынады.

«Хабар Агенттігі» АҚ ұйымдастырған күзгі жаңа телемаусымда ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді, өнерімізді, ұлттық спорт пен ойындарымызды насихаттап, көрерменге кеңінен дәріптеу мақсатында өткен «Жеті қазына» атты телевизиялық шоу бағдарламасында Жамбыл облысы 4 000 000 (төрт миллион) теңгенің сертификатын жеңіп алды.

Жамбылдың өнерпаздары «Жеті қазына» республикалық-телевизиялық шоу бағдарламасынан бас жүлдемен оралып, жылды жағымды жаңалықпен қорытындылады. Аталған жобада 17 облыс, 3 қаладан жалпы саны 20 команда бақ сынады. Бірегей ұлттық жобаға өңірімізге белгілі бірқатар өнерпаздар қатысты. Олардың қатарында «Меркі әуендері» фольклорлық-этнографиялық тобы, «Айша бибі» этнографиялық-фольклорлық би ансамблі, Мәдениет саласының үздігі Маралбек Бабақұлов, қазақ оркестрінің артисі, күйші Дидар Басықараев, әнші Мерей Абуева, жыршы-термеші Бекарыс Көштаев, айтыскер Мұхтар Қонарбаевтар бар. Жерлестерімізді жеңісімен құттықтаймыз!

 

Нұржан ҚАДІРӘЛІ

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support