Мәдениет саласында жүлде жетерлік

22

Облыстың мәдениет саласында да айтарлықтай жетістіктер бар. Таразда «Жамбыл – менің жәй атым, халық – менің шын атым» атты республикалық ақындар айтысы жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың және облыстық «Aq jol» газетінің 100 жылдығына арналып өтті. Әйгілі актер, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімов 85 жасқа толып, Тараз қаласында және Сарысу ауданында ауқымды іс-шаралар өткізілді.

Халық артисі, Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының актрисасы Мәкен Рахымжанованың 70 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ақын, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов Жамбыл жеріне келді. Ақынның 80 жылдығына орай лайықты құрмет көрсетілді. Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай «Жай отынан жаратылған намысы» атты облыстық айтыс өтті.

Халықаралық «Хабар» арнасы ұйымдастырған «Асыл домбыра» республикалық телеайтысында жамбылдық айтыскерлер бас жүлдені иеленді. Аталған телеарна ұйымдастырған «Жеті қазына» Ұлттық жобасында да жамбылдық құрама бас жүлдені иеленді.

 

 Дайындаған Есет ДОСАЛЫ.

Comments are closed.