Денсаулық сақтаудың дидары қандай?
Денсаулық сақтаудың дидары қандай?
«Үздік тәжірибе орталықтары» бүгінде Меркі, Жамбыл, Талас аудандық орталық ауруханаларында және №5 қалалық емханасында іске қосылды. Қордай аудандық орталық ауруханасында және Шу қалалық емханасында және №2 қалалық емханасында да осындай орталықтар ашылды. Тұрғындарға шұғыл, жоғары технологиялық медициналық көмек кезінде алтын сағат қағидасын жоғалтпай көмек көрсету мақсатында Меркі, Талас және Шу аудандарындағы ауруханалар көпбейінді ауданаралық емдеу мекемелері болып қайта жаңғыртылды. Өз кезегінде бұл өзгеріс 340 мыңнан астам адамға ауылдағы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасы түзіліміне облыстың ауылдық жердегі бастапқы медициналық көмек көрсету ұйымдарының 30 нысаны енгізілді.
Дайындаған Гүлжан РАХМАН.