- Advertisement -

Жамбыл облысы әкімі Нұржан Нұржігітовтің жаңажылдық құттықтауы

178

- Advertisement -

Қымбатты жерлестер!

Сіздерді Жаңа 2023 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл – болашаққа тың қадам жасайтын, жақсылыққа ұмтылып, жаңа жоспарлар, арман-ойлар айқындалатын, қуанышқа толы ғажайып мереке.

Әрине, өткен жылға өкпе жоқ.
Жыл басында орын алған қиындықтарды ел болып еңсеріп, жұрт болып жұмылып, ауызбіршілігіміздің арқасында ауыртпалықты жеңе білдік.

Өтіп бара жатқан жыл еліміз үшін тарихи шешімдерге толы болды.

Еліміз дамудың жаңа бағдарына бет бұрды.
Конституциямызға өзгерістер енгізіліп, Ел Президентін сайладық.

Осы үлкен саяси шараларға облыс жұртшылығы да белсене қатысып, өздерінің азаматтық позицияларын білдірді.

Бұл саяси науқандарға белсене атсалысқан облыс жұртшылығына шексіз ризашылығымды білдіремін.

Тәуелсіз Қазақстан бүгінде – ел дамуының жаңа кезеңіне нық қадам басқан, болашағына үлкен сенім артқан мемлекетке айналды.

Ортақ мақсатқа жету жолында облысымыздың тұрғындары да лайықты үлес қосып келеді.
Жыл қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң көрсеткіш қалыптасты.

Әлеуметтік маңызы бар нысандар салынып, ауыл тұрғындары газбен, сапалы ауыз сумен қамтылып, жолдар жөнделуде.

Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында ауыз толтырып айтарлық көрсеткіштерге қол жеткіздік.

Ағымдағы жылы мемлекет және қоғам қайраткерлерінің мерейтойлары қарсаңында Тараз қаласында Д.Қонаевтың және Ш.Мұртазаның ескерткіштері бой көтеріп, қала шырайын аша түсті.

Сондай-ақ, облыс орталығы – Тараз қаласы еліміздегі Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енген еліміздегі алғашқы шаһар атанып отыр.

Бұл қасиетті Әулие ата өңірінің мәдени-туристік саласындағы ең ірі оқиғасы деп санауға болады!
Әрбір қол жеткен жетістіктеріміз – өңір тұрғындарының зор еңбектерінің жемісі.

Құрметті жамбылдықтар!

Келіп жеткен жаңа жыл бақыт пен табысқа кенелетін, игілік пен парасаттың қанат жая түсетін, үміт пен тілектердің орындалатын жылы болғай!

Баршаңызға елімізді өркендету жолындағы еңбектеріңізге сәттілік, отбасыларыңызға береке мен шаттық тілеймін!

Жаңа жыл құтты болсын!

Құрметпен, Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support