- Advertisement -

Қаратас ауылына газ берілді

164

- Advertisement -

Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында Жуалы ауданындағы Күреңбел ауылдық округіне қарасты Қаратас ауылына табиғи газ берілді.

Шараға аудан әкімі Жалғас Мұртаза, аудандық мәслихаттың хатшысы Ерғали Тілеубеков қатысты. Газ алауын жағуға байланысты салтанатты шарада аудан әкімі ауыл тұрғындарын көптен күткен қуаныштарымен құттықтап, бірлік, амандық тіледі.

Ауыл тұрғындарының атынан ардагер ұстаз, округтің ардагерлер кеңесінің төрағасы Алтынбек Қуанышев, еңбек ардагері Еркебай Нағашыбеков сөз сөйлеп, газды жеткізуге жауапты мердігер мекеменің басшылығына және аудан басшыларына алғыстарын білдірді.

Айта кетейік, Жуалы ауданында газ тартылмаған елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі бірнеше жылдан бері тұрақты көтеріліп, алыс ауылдарды көгілдір отынмен толық қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстар сәтімен жүзеге асырылып келеді. Ауданда барлығы 49 елді мекен бар болса, оның 44-іне газ құбыры жеткізілді.

2020 жылы Жетітөбе, Күреңбел ауылдық округтеріне қарасты барлығы сегіз ауылда ауылішілік газ жүйелері жүргізіліп, тиісінше, тұрғын үйлер табиғи газға қосылса, былтыр Боралдай ауылдық округіне магистральды газ құбыры жеткізіліп, тұрғындар табиғи газды тұтынуға мүмкіндік алып отыр. Боралдай ауылдық округіне қарасты Рысбек батыр ауылының тұрғындары биыл магистральды газ құбырына қосылса, Қошқарата ауылдық округінде газ құбырын тартуға байланысты жүріп жатқан жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Қошқарата ауылын газдандыру жобасы 2023 жылға өтпелі.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support