- Advertisement -

Туристік нысандар қатары артып келеді

113

- Advertisement -

Соңғы жылдары облыста ірі туристік алаңдардың ашылуы, туристік бизнес өкілдері ұсынатын қызмет түрлерінің кеңеюі, орналастыру құралдарының көбеюі ішкі туристік ағындардың өсуіне ықпал етті.

Егер статистикалық мәліметтерге жүгінетін болсақ, биылғы жылдың басынан бері облысқа 99 276 турист келді. Оның ішінде 1 471 шетелдік турист, қалған 97 805 адам еліміздің басқа өңірлерінен келген туристер.

2022 жылы өңірімізде «Taraz city bus» жобасы (2000), «Тараз – өткен мен болашақтың түйіскен қаласы» атты ақпараттық керуен (400), «Живая струна» музыкалық фестивалі, «Өмір сабақтары» пилоттық жобасы, «Тараз – қолөнершілер қаласы» атты халықаралық қолөнершілер көрмесі секілді іс-шаралар ұйымдастырылып, оларға 10 000- нан астам адам қатысты.

Туристік нысандардың инфрақұрылымын қалыптастыру бағытында «Ақыртас» сарай кешені ауыз сумен қамтамасыз етілді, «Таскөл» демалыс орталығында электр беру желісін тарту жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ «Баласағұн» қаласына жол құрылысын жүргізу мәселесі қарастырылуда.

Қазіргі уақытта облыстың қонақүйлерінде туристерді тіркеуге мүмкіндік беретін «E-QONAQ» ақпараттық жүйесі енгізілуде. Бүгінгі таңда аталған жүйе өңірдегі 206 қонақүйдің 70-і енгізілген. Бұл ақпараттық жүйенің ерекшелігі – бұл туристік ағынды түсіруге және талдауға, сондай-ақ көші-қонды бақылауға мүмкіндік береді.

Өңірдегі негізгі туристік нысандардың саны 37 болды, қазір біз бұл нысандардың саны 65-ке дейін ұлғайды, 45 жаңа туристік маршрут әзірленді, ал туристік өнімдердің саны 115-ті құрайды.

Қазіргі уақытта облыста 206 қонақүй, 434 мейрамхана, 7 санаторий, 15 демалыс базасы, 11 балалар сауықтыру лагері, 24 туристік ұйым, 78 қолөнерші және 25 көлік операторы жұмыс істейді.

Бүгінгі күні ҚР Үкіметінің қолдауымен ағымдағы жылдан бастап мемлекеттік қолдау көрсетіледі, яғни туристік бизнес өкілдерін 7 позиция бойынша
субсидиялау мүмкіндігі, оның ішінде 4 позиция бойынша мемлекеттік қолдауды жергілікті қолдаушы органдар жүзеге асырады.

Биыл туристік бизнес субъектілерінен 6 өтінім келіп түсті, мемлекеттік қолдау шаралары басталды, сондай-ақ өтінімдер алдыңғы уақытта да қабылданып, мемлекеттік қолдау шаралары келесі жылдан бастап іске асырылатын болады.
2022-2025 жылдары жалпы сомасы 10 миллиард 455 миллион теңгеге 5 жоба іске асырылатын болады, олар: «Тектұрмас» этно-тарихи кешені, «Қаралма» тау шаңғысы кешені, «Көксай» туристік демалыс аймағы, «Әсем» этно-туристік кешені, «Таскөл» демалыс орталығы.

Алдағы уақытта біздің өңірдің туристік саласын дамыту 4 негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады:

Туристік бизнес субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету;
Туристік инфрақұрылымды дамыту;
Туризм саласына инвестициялар тарту;
Жарнамалық-имидждік саясатты іске асыру.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support