- Advertisement -

«Ғажайыпқа толы жаңа жыл» шыршасы өткізілді

91

- Advertisement -

Дәстүрлі мерекелік шараға аудандар мен Тараз қаласынан, арнайы мектеп интернаттардан, өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан 100 балақай қатысты.

Мерекелік салтанатты шарада балақайлар ертегі кейіпкерлерінің ерекше қойылымын тамашалады. Ақ таяғын таянып, ақ сақалы желбіреп Аяз Ата ортаға шығып, сиқырлы таяғымен алуан түрлі ойыншықтарға көміліп тұрған жасыл шыршаның шамдарын жаққанда, үлкен залды балалардың қуанышты у-шуы кернеді.

Шырша мерекесінде жүздері бал-бұл жанған балаларға облыс әкімінің құттықтау хаты, тәттілер жиынтығы және 60 мың теңге көлеміндегі сертификаттардан құралған жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді.

Айта кетейік, 25 желтоқсан күні аудандардан келген шырша қатысушыларына арналған экскурсия жұмыстары ұйымдастырылды. Балақайлар Тараздың көрнекті жерлерін аралап, қаламызбен танысты. Әуелі А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрынан қойылым тамашалап, ерекше әсер алған балақайлар кейіннен «Тараз-Арена» спорт кешенінің қыр-сырына назар аударды.

Облыс атағын асқақтатып жүрген спортшыларымыздың жаттығу алаңдарын көріп, спортсүйер балалар шабыттанып қайтты. Бүлдіршіндердің саяхаты «Көне-Тараз» тарихи-мәдени кешеніне саяхатпен аяқталды.

Орталықтағы көздің жауын алатын әсем шыршамен суретке түсіп, қуанышқа кенелді. Кешкісін балақайларға арналған «Танысу кеші» ұйымдастырылып, балалар шаттана билеп, көңіл көтерген болатын.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support